Қарағанды облысында ер адамның мәйіті табылды

0
2 541

Тұрғынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полиция мен әкімдік қызметкерлері іздеді.


Қарағанды облысында ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ер адам үйінен шығып, қайта оралмады, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 ақпан күні Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адам жоғалғаны туралы ақпарат түскен.

Тұрғынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полиция мен әкімдік қызметкерлері іздеді.

"60 жастағы ер адам 25 ақпанда күндіз белгісіз бағытқа шығып, оралмады. 26 ақпан 17:15-те іздеу тобы ер адамның денесін тапты", - деді департаментте.

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекен сыртына шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ, жылы киіну қажет.