Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
ERNUR.KZ. Алматы – Екатеринбург тас жолындағы жол-көлік апаты салдарынан алты адам қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.
Қарағанды облысының ПД ППБ командирі Бекзат Сәуленбаевтің мәлімдеуінше, 6 қараша күні тас жолда Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
"Бұл дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр".Бекзат Сәуленбаев
Солтүстік Қазақстан облысы Новокаменка елді мекенінің маңында жол апаты болып, жеті адам зардап шекті.