Тағы бір адам ауруханада жатыр.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бүгін, 3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.