Қазір қалааралық автобустардың жолақысы - 95-190 теңге аралығында.
ERNUR.KZ. Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болуы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.
Кәмелетке толмағандардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруін енгізу бастамасын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ұсынды. Ол жауапты мемлекеттік органдарға бұл мәселені пысықтауды тапсырды.
"Екі жылдан бері қала мектептерінде оқитын балаларға тегін ыстық тамақ беріледі. Биылдан бастап біз барлық қарағандылық оқушы мен 18 жасқа дейінгі студент үшін тегін жол жүруді енгізуді қарастырып жатырмыз. Бұл біздің балаларымызға ұтқыр болуға және қаланың кез келген жерінде орналасқан үйірмелер мен өздері қызығушылық танытқан секцияларға қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл барлық отбасыға үлкен қолдау болады", - деп жазған ол Facebook-парақшасында.
Сондай-ақ, балалар үшін тегін жол жүру шамамен мамырда енгізіледі. Бұл мәселені мамырға дейін мәслихат депутаттары талқылауы керек. Қарағандыда 7 мен 18 жас аралығындағы 110 мыңға жуық тұрғын тұрады.
Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қала маңындағы жеті бағытқа жол жүру ақысын электрон ONAY жүйесі арқылы енгізуді тапсырған болатын. Осы жүйе енгізілгеннен кейін жолаушылар көліктің QR-кодын немесе SMS көмегімен көлік картасымен жол ақысын төлеген кезде 80 теңге төлейтін болады. ONAY көлік карталарын Қарағандыда да қолдануға болады.
Қазір қалааралық автобустардың жолақысы - 95-190 теңге аралығында. Жол ақысын қолма-қол төлейтіндер үшін баға өзгеріссіз қалады.