Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті

0
694

Қыздың миына қатты зақым келген.


Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға Гоголь көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада қыздың пәтерінде бірнеше жігіт болғаны, олардың тез арада қашып кеткені айтылады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қыздың 25 жаста екенін нақтылады. Оның миы қатты зақымдалған. Қазіргі уақытта қыз комада жатыр.

Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.