Бүркіт Есжанов Қарағанды облысының тұрғындарының есінде белсенді азаматтық ұстанымымен қалды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда 99 жасқа қараған шағында облыстың қадірлі ақсақалдарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркіт Есжанов қайтыс болды, деп жазады baq.kz.
Бүркіт Есжанов Қарағанды облысының тұрғындарының есінде белсенді азаматтық ұстанымымен қалды.
Облысымыздың қадірлі ақсақалдарының бірі, ҰОС-ның ардагері Бүркіт Есжанов өмірден озды. Ол кісі 99 жаста еді. бүркіт атаның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Бүркіт Есжанов ұзақ жылдар бойы жүзумен айналысты. Оның күнделікті жаттығу кестесіне екі сағат бойы спорт пен серуендеу кірген. Бүркіт Есжанов бассейнге аптасына екі рет баратын. Ол 600 метрге дейін сүңгіп жүзетін. Оның оптимизмі мен батылдығы үшін тұрғындар оны "аңыз адам" деп атады.
Бүркіт Есжанов 19 жасында 1942 жылы майданға аттанған. Ол кезде Ленинград авиация училищесінің курсанты болатын. 5-атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбінде соғысқан, 1943 жылы Курск шайқасына қатысқан. Жарақат алған Бүркіт Есжанов ауруханаға түскен. Кейін майданға қайта оралды. Соғыстан кейін Солтүстік-Шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондардан азат етуге қатысқан.
1948 жылы елге оралып, шаңырақ көтереді. Жұбайымен бірге сегіз бала, немере, шөбере тәрбиелеп өсірді.