Қарағандыда ағаштар мен орталық көшені ыстық су басты

0
375

Тұрғындары әлеуметтік желілерде оқиға болған жерде түсірілген видеоларды жариялап жатыр.


Қарағандыда ағаштар мен орталық көшені ыстық су басты

ERNUR.KZ. Қарағандыда құбырдағы ыстық су ағып кетіп, жас ағаштар мен орталық көшені су басты, деп жазады Tengrinews.kz.

Теннис орталығының маңында құбыр жарылды. Ыстық судың ағып кетуінен алаңда көлшік пайда болды. Кадрларға қарағанда, қайнаған су орталық жолдың жүретін бөлігін ғана емес, жас қарағайларды да басып қалған. Талдар аман қала ма, белгісіз. Оңтүстік-Шығыс тұрғындары әлеуметтік желілерде оқиға болған жерде түсірілген видеоларды жариялап жатыр.


Ал "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС өкілдері талдар жойылса оларға кінә артылмайтынын айтып отыр. Компаниядағылар су 15 жылдан бері қолданылып келе жатқан құбырдан аққанын атап өтті. Бұл жер қауіпсіздік аймағы болғандықтан сегіз метр қашықтықта ештеңе болмауы керек екенін де қосты.

"26 сәуірде жұмыс бригадасы М5 магистраль желісінің құбырында диаметрі 1000 миллиметр жарық барын анықтады. Қазіргі уақытта ақауды жою үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада сол жерде қалдық суды сорып алатын ассенизаторлық машина іске қосылады", - деп хабарлады "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС өкілдері.