Қарағандыда алимент төлемеген ер адамға көше тазалатқызып қойды

0
2 134

2014 жылы ажырасқаннан кейін ер адам екі баласына бірде-бір рет алимент төлемеген және 3,7 миллион теңгеге қарыз болған.


Қарағандыда алимент төлемеген ер адамға көше тазалатқызып қойды

ERNUR.KZ. Қарағандыда балаларына көмектесуден бас тартқан алиментші қала көшелерін қардан тазартуға мәжбүр болды. Ер адам алты жылдан астам уақыт алимент төлемеген, деп жазады Stan.kz.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 2014 жылы ажырасқаннан кейін ер адам жалақысының үштен бірін кәмелетке толмаған екі баласына ақша төлеуге міндеттелген. Алайда осы уақытқа дейін ол бірде-бір рет алимент төлемеген және 3,7 миллион теңгеге қарыз болған.


"Ол жұмысқа орналасқысы келмеді және балаларды асырауға материалдық көмек көрсетпеді. Бірақ ол өзінің алименттік міндеттемелері туралы білді және оларды орындауға нақты мүмкіндік алды. Ер адам еңбек қатынастарын жасамаған жұмысынан бейресми табыс алды. Оған сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы бірнеше рет ескертілді. Дегенме алименттерді төлеу бойынша міндеттерден қасақана жалтарған", - деді ведомствода.


Осыдан кейін ер адамның үстінен сотқа тағы арыз берілген, нәтижесінде жаңа үкім шығарылды. Енді алимент төлеуден жалтарған әке Қарағанды көшелерін тазалайды. Оған 300 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды. Жалтарған жағдайда ер адам қамауға алынады.


"Ол қаланың орталық саябағындағы қарды тазалайды. Онда "қоғамға қарызды өтеу" деген жазуы бар ашық-қызғылт кеудеше киді. Бұл жарық шағылыстырғыш кеудешелер қоғамдық жұмыстарды орындау үшін пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба болып табылады. Ол өткен жылдың қыркүйек айының басында облыстық ҚАЖ департаменті Қарағанды әкімдігімен және облыс прокуратурасымен бірлесіп іске қосылды", - деп толықтырды ведомствода