Салдарынан "ГАЗел" жүргізушісі мен жолаушысы және автобус жүргізушісі қаза тапты.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында Газель мен автобус соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп жазады nur.kz.
Жол көлік оқиғасы Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы елді мекенінен отыз шақырым жерде болды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын-ала болжам бойынша, апатқа 34 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін деп хабарлады. Ол қарсы келе жатқан жолаққа шығып кетіп, автобусқа соғылды.
Салдарынан "ГАЗел" жүргізушісі мен жолаушысы және автобус жүргізушісі қаза тапты.
Автобустың Нұр-Сұлтан-Тараз бағыты бойынша қатынағаны анықталды. Соқтығысу кезінде оның ішінде төрт жолаушы болған. Олардың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол көлік жағдайына қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Тәртіп сақшылары сараптама тағайындады.