Қарағандыда дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған 2 жасар баланы аман алып қалды

0
388

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде.


Қарағандыда дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған 2 жасар баланы аман алып қалды

ERNUR.KZ. Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды. Екі жасар сәбидің ішек-құрылысынан бөгде заттарды алып тастау үшін операция жасалды. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

4 ақпан күні облыстық балалар ауруханасына 2 жасар бала түсті. Ол іші ауырып, құсқысы келетінін айтқан. Қабылдау бөлмінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) бар екені анықталды.

«Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының (жарылып кетуі) аймақтары анықталды. Бөгде заттың металл магниттер екені белгілі болды, барлығы 11 дана болып шықты. Операция 1,5 - 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде», - делінген хабарламада.