Қарағандыда ер азамат жанжал барысында екі адамды атып тастады (видео)

0
1 043

Оқыс оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды.


Қарағандыда ер азамат жанжал барысында екі адамды атып тастады (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда 9 маусым күні белгісіз ер азамат екі тұрғынды тапаншамен жаралады, деп жазады Stan.kz.

Оқыс оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Облыстық ПД бұл ақпаратты растап отыр.


"Белгісіз тұлға жанжал барысында екі адамға оқ жаудырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Істің мән-жайы анықталуда", - делінген ресми хабарламада.


Аталмыш жайтқа қатысты "Қару қолданып, бұзақылық ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Қазір қару қолданған күдіктіні ұстауға облыстық полицияның толық құрамы жұмылдырылыпты.