Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі анықталды

0
379

10 қаңтар күні Қарағанды қаласында үйдің 8-қабатындағы пәтерден өрт шығып, жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды.


Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі анықталды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттің шығу себебі анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«8-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ашық от көзі өрттің шығуына себеп болған. Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ құралдары мен басқа құралдар табылған жоқ. Өрт ошағы марқұм болған пәтер иесінің 43 жастағы ұлы тұрып жатқан бөлмеден шыққан», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, пәтер иесі мен оның жұбайы, ағасы түтіннен уланып көз жұмған.

«Үш адам тұншығып қалған. Олардың денесінде күйік жоқ. Олар шешініп, ұйықтап жатқан болуы мүмкін. Ер адам мен әйел зардап шеккен тұрғынның ата-анасы. Қаза тапқан үшінші адам әкесінің үлкен ағасы»- деп түсіндірді департамент.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Қарағанды қаласында үйдің 8-қабатындағы пәтерден өрт шығып, жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

1979 жылы туған ер адам өртеніп жатқан пәтердің балконынан құлап, медициналық мекемеге жатқызылды. Өртенген пәтерден үш адамның денесі табылды.

Сондай-ақ оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған.