Қарағандыда такси қызметін арыстанды алып жүруге пайдаланған.
ERNUR.KZ. Қарағанды көшелерінде көлікпен арыстан да еркін жүретін болыпты. Қалада жеңіл көліктің артқы жағына арыстанды салып әкетіп бара жатқан жандардың әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетіп, дүйім жұртты бір елең еткізген, деп жазады inbusiness.kz.
Көліктің ашық тұрған артқы терезесінен арыстан басын шығарып , жан-жағына қарап тұрған сәтті бағдаршаманың жасыл түсіне тоқтағанда өзге көліктің жолаушылары суретке түсіріп алған. Осы көрініс талай адамның таңданысымен қоса наразылығында туғызған. Полиция қызметі жыртқыш аңды емін-еркін тасымалдаған көлікті іздеп, әуре-сарсаңға түскен болатын.
Бүгінде полиция қызметі бұл көлікті тапқанын мәлімдеді. Арыстанды алып жүруге келіскен такси жүргізушісі болып шықты. Жауынгер интернационалистер көшесіндегі контактілі хайуанаттар бағынан арыстанды екі ер адам таксимен Степной ықшам ауданына алып барған.
Жолда терезеден сыртқы әлемге көз тастаған жабайы аң қарағандылықтарды таң қалдырған. Бүгінде такси жүргізушісін тапқан полиция қызметі оған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін айыппұл салған. Ал жеке меншік контактілі хайуанаттар бағын құзырлы орын өкілдері тексеріп жатыр.