Қарағандыда түнде реактивті ұшақ зымырап өтті – министрлік ақпаратты растады

0
478

Тұрғындардың айтуынша, 27 шілде күні сағат 23:00 мен 23:30-дың аралығында әскери реактивті ұшақ бірнеше рет төмен ұшып өтті.


Қарағандыда түнде реактивті ұшақ зымырап өтті – министрлік ақпаратты растады

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының тұрғындары түнгі уақытта реактивті ұшақты көргенін мәлімдеді. Қарулы күштердің әуе қорғанысы күштері бұл ақпаратты растады, деп жазады sputnik.kz.

Тұрғындардың айтуынша, 27 шілде күні сағат 23:00 мен 23:30-дың аралығында әскери реактивті ұшақ бірнеше рет төмен ұшып өтті.
"Ұшудың мақсаты не? Жойғыш ұшаққа ұқсайды. Күндіз екеуін байқадық, кешке қарай біреу болды. Олар зымырап өткеннен кейін аспанда бұлттар жиналып қалды", - дейді қарағандылықтар.
Қарулы күштердің әуе қорғаныс күштері жойғыш ұшақтардың аспанға көтерілгенін растады.
"Апта сайын әскери дайындық жоспары бойынша ҚР Қарулы күштерінің барлық әуе базасында оқу-жаттығу ұшулары жасалады. Негізгі мақсат – ұшқыштар, инженерлік-техникалық құрам мен басқа да мамандардың дайындығын жетілдіру", - делінген ресми хабарламада.
Оқу-жаттығу ұшулары күндіз де, түнде де жасалады. Ауа-райы қолайсыз болса да, орындалуы шарт. Сонда әкерилер өз дайындығын ұштайды.
"Оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіледі. Әуе күштері әскерінің шеберлігі, жалпы, елдің қорғаныс дәрежесі де соған байланысты. Сондықтан дүрлігудің себебі жоқ. Бұл – жазғы құрамдардың жаттығулары", - дейді мамандар.