Білезіктің ерекшелігі – оны қуаттаудың қажеті жоқ, әрі су өтпейді.
ERNUR.KZ. Қарағандыда перзентханада жатқан жүкті аналардың барлығы білезік тағады. Енді денсаулығы сыр берген әйелдер дәрігерге шұғыл белгі бере алады, деп жазады 24.kz.
Мәселен,түнде толғақ қысса, аяқ астынан ауырып қалса, білезіктегі түймені басып, көмекке шақырады. Ерекшелігі – оны қуаттаудың қажеті жоқ, әрі су өтпейді. Әзірге білезік тек кенді шаһардағы №2 перзентханаға ғана жеткізілген. Жыл соңына дейін өңірдегі барлық клиниканы қамту жоспары бар.
"Бұл білезік өте ыңғайлы. Егер жүкті әйелдің денсаулығы күрт нашарласа, төсектен тұрудың, үрейленіп, айқайға басудың керегі жоқ. Түймені басса болды, бірден дәрігер келеді. Өткен түнде бір адамға көмек көрсеттік. Қан кетіп, әлсіреген. Абырой болғанда, ол дәрігерге дер кезінде белгі беріп, аман алып қалдық", - дейді №2 облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталық басшысы, Гүлбан Мамалинова.