Қаза болғандардың бірі отставкадағы полиция полковнигі, Ұлттық ұланның ардагері Ринат Шоқаев болатын.
ERNUR.KZ. Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттен қаза болғандардың бірі зейнетке шыққан полиция полковнигі екені белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Қаза болғандардың бірі отставкадағы полиция полковнигі, Ұлттық ұланның ардагері Ринат Шоқаев болатын. Өрт болған жерден оның әйелі мен ағасының да мәйіттері табылды. Ринат Шоқаев ұзақ жылдар қызмет еткен ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының баспасөз қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Бүгін 70 жастағы отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның жұбайы және ағасы қайғылы қаза тапты. Ринат Шоқаев 1987-1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша Академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарды. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Ринат Кенжебайұлының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын!", - делінген хабарламада.