Қарағандылық қызға ​​екі түрлі вакцина салынған: дәрігерлер түсінік берді

0
624

ОКҚ брифингінде журналистер екі түрлі вакцина салынған қарағандылық қыздың жағдайы туралы сұрады.


Қарағандылық қызға ​​екі түрлі вакцина салынған: дәрігерлер түсінік берді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қателесіп басқа вакцинаның екінші дозасы салынған 19 жастағы қазақстандық қыздың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

ОКҚ брифингінде журналистер екі түрлі вакцина салынған қарағандылық қыздың жағдайы туралы сұрады.

"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бұл жалғыз жағдай, мұндай деректер Қарағанды облысында қайталанған жоқ. Біз оның жағдайын бақылап отырмыз. Тұрғында вакцинациядан кейінгі кезеңде ешқандай ауытқу болған жоқ. Екінші компонентті салдырған кезде қызда ешқандай жанама әсер байқалмағаны айтылды. Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ekaraganda.kz порталы 2021 жылдың маусымында жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 19 жастағы қыз Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін алған.

Екінші дозасын алуға келгенде оған "Спутник-V" вакцинасы салынған. Сол кезде Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтқан болатын.