Карантин кезінде 42 500 теңгені кімдер алатыны белгілі болды

0
2 560

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айына 42 500 теңге төлем жасауды тапсырған болатын.


Карантин кезінде 42 500 теңгені кімдер алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин карантин кезінде 42 500 теңге көлеміндегі төлемнің кімдерге берілетінін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Премьер-министр хабарлағандай, төлем жұмысы тоқтаған жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтініші бойынша беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандар бойынша, әлеуметтік төлем жәрдемақысы – ең төменгі жалақы көлеміндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезіндегіндей, азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне ақшалай көмек беруін жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», - деді Премьер министр.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде карантин тағы екі аптаға созылатынын айта келіп, сол уақытта тағы да 42 500 теңге төлем жасауды тапсырған болатын.