Ал ауыр қылмыстардың ішінде денсаулыққа зиян келтіру 12 процент, зорлық 39, қарақшылық 52, тонау 50 және бұзақылық фактілері 45 процентке төмендеген.
ERNUR.KZ. Карантин кезінде елімізде тұрмыстық қылмыс көбейіп кетті, деп жазады 24.kz.
Атап айтқанда, ішімдік салдарынан адам өлтіру 15 процентке, жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19 процентке өсті. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте мәлімдеді.
Осыған орай қылмыстың алдын алу үшін учаскелік инспекторлар 61 мың қорғау шаралары бойынша нұсқаулық шығарды.
Ал ауыр қылмыстардың ішінде денсаулыққа зиян келтіру 12 процент, зорлық 39, қарақшылық 52, тонау 50 және бұзақылық фактілері 45 процентке төмендеген.