Мас күйінде сыртқа шыққан 4 ер адам төбелесіп, олар көлік жүрген жол бойына шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Астанада караоке-барда басталған жанжал көше төбелесіне ұласты. Тәртіп бұзғандар 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады baq.kz.
Белгілі болғандай, жанжал караокенің келушілері арасында болған. Мас күйінде сыртқа шыққан 4 ер адам төбелесіп, олар көлік жүрген жол бойына шығып кеткен.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері жасы 22 мен 28 аралығындағы төрт ер адамды ұстады. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.