Біздің елімізде қарапайым азаматтардың ел басқару ісіне араласу деңгейі тәуелсізідк алғанна бергі уақыт ішінде оншалықты мәз болған жоқ.
Іс жүргізуде демократия қағидаттарын басшылыққа алатын кез-келген дамыған елде азаматтардың мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау ісіне араласу тетігінің болуы – басты көрсеткіштердің бірі екені белгілі. Бұл шарт тіпті – сол елдің жан-жақты дамуының нақты кепілі бола алады. Қазақстан әрине бұл бағытта негізгі даму жолын айқындаған ел.
Біздің Конституциясмыздың 33-бабында:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысуға, жеке өтініш жасауға, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберуге құқығы бар» деп көрсетілген.
Жасыратыны жоқ, біздің елімізде қарапайым азаматтардың ел басқару ісіне араласу деңгейі тәуелсізідк алғанна бергі уақыт ішінде оншалықты мәз болған жоқ. Алайда, кейінгі жылдары айтарлықтай оң өзгерістер бар. Десе де, ұзақ жылдар бойғы анти демократиялық басқару жүйесінің ықпалынан әлі де толық арыла қоймағанымыз анық.
Дегенмен, сең қозғалды, жылымық сезілді. Әсіресе бұл саладағы соңғы кездегі реформалар топтамасы қарапайым халықтың түрлі деңгейде мемлекеттік шешім қалыдауға ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл өзгерістердің барлығының көздеген мақсаты бір. Яғни, ол азаматтық қоғам қалыптастырудың әлеуетін күшейтіп, қоғамдағы конституциялық құрылым негіздерін нығайтуға және мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру. Қарапайым тілмен айтқанда, ендігі жерде халық атқару, заң шығару және сот қызметіне барынша ықпал ететін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жосмарт Кемелұлы Тоқаев өз қызметіне ресми кіріскеннен кейін жариялаған бастамаларының басында – мемлекеттік басқару ісіне азаматтық қоғамды кеңінен қатыстыру міндеті болды.
Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы 12 маусымда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Кеңестің басты мақсаты – «азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін негізінен есепке ала отырып, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу» деп белгіленді. Барлық жұмысы халыққа кеңінен көрсетілген Кеңестің бар-жоғы 6 отырысының нәтижесінде 90-нан астам нормативтік-құқықтық акті қабылданды. Олардың қатарында, әлеуметті көптен толғандырған болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер корпусын қалыптастыратын студенттердің, докторанттардың стипендияларын көтеру, ЖОО оқытушыларының жалақысын өсіру, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетін құру бар және басқа да өзгерістер болды. 2022 жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өзінің жұмыс істеу ауқымы мен саяси салмағын арттырып – Ұлттық құрылтай деңгейіне көтерілді. Одан ары, қоғамды демократияландыру құрылымы қарқын ала түсті. Азаматтарды мемлекет ісіне араластыруға тікелей мүмкіндік беретін – Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы әзірленді. Оны талқылау барысына қоғамның түрлі саласының өкілдері барынша кеңінен жұмылдырылды. Тіпті Кеңес мүшелері, ҮЕҰ және мемлекеттік орган өкілдері қатарынан арнайы жұмыс тобы құрылды. 2021 жылы сондай-ақ, ауыл әкімдерін бұрынғыдай тағайындау емес, сайлау жүйесі енгізілді. Осы жылыдң 25 шілдесінде жаңа форматта өткен сайлауда, бюллетень бетіне жалпы кандидаттардың аты-жөніне бөлек, сайлушылардың таңдау құқығын кеңейте түсетін «барлығына қарсы» деген баған қосылды.
Бүкіл қоғам болып қызығушылықпен бақылаған ауыл әкімдерін сайлау саяси науқанының қорытындысыда өзін-өзі ұсынған 121 азамат әкім болып сайланды. Бұл сайланған жалпы әкімдердің 14%-на тең көрсеткіш. Олардың тең жартысынан астамы бұрын-соңды мемлекеттік қызметте болып көрмеген адамдар. Бұндай жаңашылдық халыққа билік пен саяси партиялардың ықпалынсыз, өздері сенім артқан адамдарын сайлай алуы арқылы, мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласуға мүмкіндік беретіні түсінікті.
Сондай-ақ, Президент бұйрығымен 2025 жылға дейін ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған Тұжырымдама шеңберінде сайлаушылар тікелей дауыс беру арқылы 2021 жылдың екінші жартысынан 2025 жылдың бірінші жартысына дейін 4 жыл ішінде 2,5 мың ауыл әкімдерін қайта сайлау жоспарланған. Бұл жаңашылдықтың қисынды жалғасы ретінде, келесі кезекте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң қабылдау көзделген. Оның нәтижесі біріншіден жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпал ететін болады. Атап айтқанда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер мен ауылдардың басшыларын сайлаумен қатар, ең бастысы әр елді-мекеннің өз бюджетіні болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жаңашылдықтар легі мұнымен тоқталып қалған жоқ. Солардың бірі – Қоғамдық кеңестер туралы заңға өзгерістер енгізіліп, олардың өкілеттіктері кеңейді. Кеңестерге ендігі жерде, әкімдіктер мен министрліктерге бағынышты ұйымдардың есептерін тыңдап, қоғам атынан тиісті ескертпелер айту мүмкіндігі берілді. Жергілікті деңгейдегі құқық қорғау орган басшыларының Қоғамдық кеңес отырыстарында атқарылған жұмыстары туралы жалпы ақпарпат беруі – жалпыға міндетті тәртіп болып енгізілді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» ҰБХ сынды бұрын жалпы халыққа жабық болған квазимемлекеттік секторда да Қоғамдық кеңестер пайда болды. Қоғамдық кеңес мүшесі болуға үміткерге қойылатын талаптар деңгейі өсті.
Қоғамдық кеңестер туралы айтқанда жыл қорытындылары бойынша ең нәтижелі жұмыс көрсеткен – Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің жұмысын ерекше айта кетуге болды. Былтырғы жылдың 8 айы ішінде ғана Кеңес қызметі – мемлекеттік органдарға түрлі маңызды сұрақтар бойынша 197 ресми хат жолдап, қаланың дамуындағы өзекті мәселелерді талқыға салған 15 «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырған. Қала тұрғындарымен 21 кездесу өткізіп, нормативтік құқықтық актілерге 35 қоғамдық сараптама жасаған. Осы бір ғана қаланың Қоғамдық кеңесі атқарған жұмысының нәтижесі – билік қабылдаған шешімдерге үнемі күмәнмен қарауға бейім сыншыларға мемлекеттік басқару ісіне азаматтық қоғамның қаншалықты араласа алатынын айқын дәлелдей алатыны анық. Әринне, қисынды істі қабылдайтын құлық болса. Себебі қоғамдық кеңестер қабылдайтын шешімдердің ешқайсысына да ресми билік ықпал ете алмайды. Соңғы талаптар бойынша Қоғамдық кеңестің жалпы 42 мүшесінің тек үшеуі ғана – мемлекеттік қызметкерлер сапынан. Сондықтан көпшіліктің даусын негізге алу – демократия талаптарының ажырамас бөлігі және бұл қағидат ешқашан бұзылмауы тиіс.
Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуының тағы бір айқын дәлелі – Мемлекет басшысы Қасмы-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен 2022 жылы 5 маусымда өткізілген республикалық Референдум болды. Оның нәтижесінде, халық басты заң – Конституцияға негізгі өзгерістерді енгізуге дауыс берді.
Жалпы кез-келген Референдум – халық билігінің ең жоғары көрінісі саналады. Бұл ретте, бұл жаңашылдық – саяси жаңғырудың қисынды жалғасы болды. Президент ұсынған түзетулер халықтың ел басқаруына жол ашатын – мәслихаттардың рөлін күшейтіп, Президенттің жергілікті билікке деген өкілеттігін азайтты. Конституцияда жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген норма арнайы баппен ресми бекітілді.
Сайлаушыларға бір мандатты округтерден сайланған Мәжіліс депутаттарын егер халық үмітті ақтамаса, олардың мандатын кері қайтарып алуға құқық берілді. Жалпы Парламентті күшейту, «суперпрезиденттік» режимнен бас тарту сынды басқа да саяси өзгерістердің барлығы да қоғамды либералдандыру мен азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуына кең мүмкіндік беретін тарихи шешім болды деп айтуға әбден болады.
Әлеуметті мемлекеттік басқару ісіне қатыстыру бағытындағы тағы бір ерекше атап өтетін сала – цифрландыру жүйесі. Түрлі электронды платформалар – халық пен мемлекет арасындағы байланысты одан ары нығайтуға, жалпы жұрттың үнін естіртуге мүмкіндік беретін тамаша мүмкіндік. Оның бір айқын мысалы – нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан «ашық диалог» платформалары. Бүгінге дейін, осы цифрлық алаң арқылы халықтан 483 мың өтініш түсіп, оның 464 мыңына жауап беріліпті.
Бұған қоса, 2021 жылғы 1 маусымнан бастап өтініштердің қаралуын бақылауға мүмкіндік беретін «eOtinish» электрондық жүйесі іске қосылды. Азаматтардың арыздарын қараудың бұндай бірыңғай жүйесі біздің елде бұрын-соңды болмаған. Халыққа өте ыңғайлы бұл жүйе бойынша өтініш бағытталған мемлекеттік орган арызданушыға «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» бойынша 15 жұмыс күні ішінде ресми жауап беруге міндетті. Тарқатып айтқанда, осы жүйе арқылы арызданған адам өзінің өтінішінің келіп түскен сәтінен бастап, оның бүкіл қаралу барысын бақылауға, жауаптың сапасын бағалауға және басқа азаматтар тарапынан көтерілетін проблемалар тізбесімен танысуға мүмкіндік алады.
Ойымызды жалпы қорытындылайтын болсақ – 2019 жылдан бастап елімізде азаматтық өзін-өзі басқару жүйесі жеделдетілген қарқынмен, нәтижелі дамып келеді деп толық сеніммен айтуға болады. Бұрын жабық болып келген – мемлекеттік басқару, шешім қабылдау ісіне қарапайым азаматтар араласу деңгейі артып, мүмкіндіктер көкжиегі кеңейе түсті.
Әрине, барлығы бір сәтте бола қаймайтыны белгілі. Оған мемлекет тарапынан ұсынылатын бастамалардан бөлек, жалпы қоғамның ішкі дайындығы да қажет. Бірақ ең негізгісі ел дамуының жалпы бағдары айқындалып, Мемлекет басшысы жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы нақты нәтиже бере бастағаны анық.
Ілияс Бақтығалиев,


