Картоп бағасы неге қымбат – Сапархан Омаров түсіндірді

0
580

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатыр, дейди министр.


Картоп бағасы неге қымбат – Сапархан Омаров түсіндірді

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде картоп бағасының қымбаттау себебін атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде картоп жеткілікті көлемде өсіріледі. Тіпті, ертең ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер картоп өнімдерін өз құнына сата да алмай қалуы мүмкін. Мұндай жайт өткен жылы орын алған болатын. Сондықтан картопты шамадан тыс өсірмеуге кеңес берер едім», - деді министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз қоймаларынан картоптың 1 келісін қанша теңгеден сатып жатқандығын да атап өтті.

«Бағаға қатысты айтар болсақ, онда бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қоймаларынан картоптың 1 келісін 200 теңгеден сатып жатыр. Ал қалған 200 теңгені делдалдар немесе ірі сауда дүкендері өздері қосып отыр», - деді Сапархан Омаров.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде картоп бағасы күрт қымбаттап, 1 келісі 400 теңгеден асып кеткен еді.