Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады.
ERNUR.KZ. 1 маусымнан бастап NCOC компаниясы Қашаған кен орны кешеніндегі өндірістік нысандарын жөндеу жұмыстарына тоқтатты, деп жазады zakon.kz.
Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды көздейді.
Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты:
- өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттi қызмет пен тексеру;
- өнімділікті, сондай-ақ өндіріс жүйесінің сенімділігін оңтайландыру және одан әрі арттыру бойынша жұмыстар мен жобаларды орындау.
Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды.
Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.