Қашықтықтан оқу кезінде университеттердің бағасы арзандай ма: Министр айтып берді

0
976

Асхат Аймағамбетов қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа шығындарды сатып алып жатқандығын хабарлады.

Қашықтықтан оқу кезінде университеттердің бағасы арзандай ма: Министр айтып берді

ERNUR.KZ. Қазақстан университеттері қашықтықтан оқытуға көшкеніне қарамастан, оқу ақысын өзгертпеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Білім министрі бірнеше жыл бойы Қазақстандағы жоғары оқу орындары баға мәселесінде академиялық еркіндікке ие болғанын атап өтті.

"Студенттер қашықтан оқыту форматына көшкендерін ескере отырып, университеттерде оқу құнын төмендету туралы сұрайды деп күтілуде. Алайда университеттер оқу процесін жақсарту үшін айтарлықтай шығындар көтеретінін ұмытпаңыз. Біз университеттерге академиялық еркіндік бергенбіз. Сондықтан бұл мәселеге араласа алмаймыз", - деп түсіндірді министр.