Бұл туралы ҚР ҰҚК ресми сайтында жарияланды. Тіпті, қайты тұтқындалғаннан кейін оның қолына кісен салынып жатқан суреті де пайда болды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ресми сайтында жарияланды. Тіпті. оның қолына кісен салынып жатқан суреті де пайда болды.
«2018 жылғы 8 наурызда 19 сағат 20 минут шамасында 1966 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тумасы М.К. Әбіләзовтің тапсырысы бойынша «Тұран Әлем Банкі» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті қасақана өлтірді деген күдікті Мұратхан Шакерханұлы Тоқмади Жамбыл облыстық ауруханасы мекемесінен қашу әрекетін жасады.
Сот процесі кезінде қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот М. Тоқмади денсаулығының нашарлығына шағым айтып осы орайда уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.
Қабылданған шаралармен М.Тоқмади Тараз қаласының жағдайында жедел ұсталып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 (Жамбыл облыстық ІІД Тергеу изоляторы) мекемесіне қамалды.
Қазіргі кезде М.Ш. Тоқмадидің қашуына ықпал еткен жағдайлар мен себептер анықталуда» - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.