Каспий теңізіне ірі көлемде дизель отыны төгілгені анықталды

0
502

Экологтар зертханалық талдау үшін су сынамасын алды.


Каспий теңізіне ірі көлемде дизель отыны төгілгені анықталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданынан қарасты Аташ ауылының тұрғындары облыстық экология департаментіне арызданып, Каспий теңізінің бетінен мұнай дақтары байқалатынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Экологтар зертханалық талдау үшін су сынамасын алды.

Олар КАНТА моторлы кемесінен 300 литрдей дизель отыны теңізге төгілгенін анықтады.

Тұрғындардың айтуынша, аталған оқиға «Батыс Мұнай Транс» ЖШС-не тиесілі кемеде болған.

«Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.