Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын

0
873

Індет шарықтау шегіне жеткен жоқ.


Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ. Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет», деп жазды Президент.