Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келді, деп жазады ҚР Президенті баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды.
Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.