Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан кейінгі меморгандардың іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды

0
896


Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан кейінгі меморгандардың іс-әрекеті бойынша мәлімдеме жасайды

11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр», - деп жазды