Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

0
763

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.