"Қателігімді түсіндім": Жүргізушіні ұрған жігіт халықтан кешірім сұрады

0
1 020

Ол видеоны ұсталар алдында түсірген.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарады. Ол видеоны ұсталар алдында түсірген, деп жазады baq.kz.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – дейді Дәкебаев.

Еске салсақ, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққы жыққан ер адамның видеосы тарады. Кейін қаскөйдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Зорлық-зомбылық құрбаны болған жүргізуші оқиғаның мән-жайын баяндап берді.