Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малдан күл ауруы табылды

0
634

Осыған дейін ұсақ малдан анықталған күл ауруына байланысты ШҚО-дағы екі ауылда карантин жарияланғаны хабарланған.


Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малдан күл ауруы табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малда күл ауруы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданының Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында қойдағы күл ауруы алғаш рет осы жылдың 17 ақпанында тіркелді.

Содан бері ауру тараған мал саны артқан. Аудан бойынша 200-ден астам ұсақ малдан күл ауруы анықталып отыр.

«Жұқпалы ауру таралуының шарықтау шегі өтіп кетті. Мал қырылуы болған жоқ. Ветеринарлар сол жерлерде жұмыс істеп жатыр. Емдеуде антибиотикалық терапия қолданылуда», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, осыған дейін облыста ұсақ малда күл ауруының өршуі 2000 жылдардың басында тіркелген.

Еске салсақ, осыған дейін ұсақ малдан анықталған күл ауруына байланысты ШҚО-дағы екі ауылда карантин жарияланғаны хабарланған.