Оның айтуынша, ер адамдар полицейлерді қорқыту үшін әріптесін соққыға жыға бастаған.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Медеу ауданы полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы Ернар Айтенов 5 қаңтарда болған тәртіпсіздіктердің егжей-тегжейімен бөлісті. Сонымен қатар ол әріптесін ашулы топтан қалай құтқарғаны туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz
Ернар Айтеновтың сөзінше, 5 қаңтар күні басшылық бұйрығымен тәртіпті қадағалау үшін Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысына барған.
"Наразы топпен қақтығыс салдарында полицейлер Сейфуллин көшесіне дейін ығыстырылды. Бөгенбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында мен ашулы ер адамдар тобын көрдім. Олар полиция қызметкерін ұстап алды", – дейді Ернар Айтенов.
Оның айтуынша, ер адамдар полицейлерді қорқыту үшін әріптесін соққыға жыға бастаған.
"Үш ер адам қолға түскен полицейді көше қиылысына отырғызып, үрей туғызу үшін қатыгездікпен ұра бастады", – дейді ол.
Ернар Айтенов бастапқыда есеңгіреп қалғанын айтады. Алайда ойын тез жинақтап, әріптесін құтқаруға жүгірген.
"Мен бір топ адамға қарай жүгіріп, оларды қуып жібергім келді. Әріптестерім артымнан жүгіріп, қалқанмен қолға түскен полицейді жауып, алып кеттік", – деп еске алды ол.
Учаскелік инспектор қолға полицейді танымайтынын айтады. Сонымен қатар полицейдің ауыр жарақат алғанын, қазір қалпына келіп жатқанын мәлімдеді.
“Мұндай қатыгездікті бұрын көрмегенмін, адамдардың әрекетіне таңдандым. Алайда әскери міндет пен ант бірінші орында", – деп аяқтады инспектор.
Ернар Айтенов – Алматы ішкі істер министрлігі академиясының түлегі. Қазір ол 15 мың адам тұратын "Самал" шағын ауданындағы тәртіпті қадағалайды.