Қаулы: «Спутник» вакцинасының ІІ компоненті 21 күннен 90 күн аралығында салынады

0
588

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі №17 қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді.


Қаулы: «Спутник» вакцинасының ІІ компоненті 21 күннен 90 күн аралығында салынады

ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулы мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген.

«Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі», - делінген қаулыда.

Еске салсақ, ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі №17 қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

«Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі», - деп жазылған қаулыда.

Кейін, КВИ-ға қарсы вакцинациялау кестесін өзгерту мәселесі бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов түсініктеме берді.