Қаза тапқан Мәдина Ерланқызының отбасына материалдық көмек көрсетіледі

0
399

Әкім іздеу жұмыстарына белсене қатысқан волонтерларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және облыс тұрғындарына алғыс білдірді.


Қаза тапқан Мәдина Ерланқызының отбасына материалдық көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Zakon.kz.

"Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Біз бәріміз бала тірі және аман-есен табылады деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, олай болмады", - дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

Әкім іздеу жұмыстарына белсене қатысқан волонтерларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және облыс тұрғындарына алғыс білдірді.

"Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, материалдық көмек көрсету бойынша тапсырма берді", - дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Айта кетсек, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала 18 және 13 жастағы өз әпкелерінің бақылауында болған. Олар таңертең оянғанда оны таппай қалған.

Бала ашығып қалмасы үшін жазық далада шарға байланған тамақ мен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін "Маша мен аю" мультфильміндегі ән қойылды.

8 тамызда кешке полицияға қызды жүгері алқабында көргендер бары туралы ақпарат келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, ол арқылы азаматтардан іс-әрекеттерді өзара үйлестіру үшін хабарласып отыру сұралды.