Қазақ-өзбек шекараcынан жылан өткізбек болғандар ұсталды

0
203

Қазақстаннан көрші ел аумағына қарай кетіп бара жатқан азаматтың жүк сөмкесін тексеру кезінде шекарашылар оның ішінен ұзындығы үш метрлік питонды тапқан.


Қазақ-өзбек шекараcынан жылан өткізбек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақ-өзбек шекарасында алып жыланды заңсыз өткізбек болған тұрғын қолға түсті. Оқиға Түркістан облысымен шектесетін «Гишткуприк» кеден бекетінде болған, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Өзбекстан кеден комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстаннан көрші ел аумағына қарай кетіп бара жатқан азаматтың жүк сөмкесін тексеру кезінде шекарашылар оның ішінен ұзындығы үш метрлік питонды тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл питон Оңтүстік-Шығыс Азияда кездеседі. Әрі қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық CITES ұйымының рұқсаты қажет.

Алайда ер адам тиісті құжаттарды көрсете алмаған. Бұл факті бойынша кеден органдары тексеруді бастады. Алып питон Ташкент зообағына жіберілді.