​Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста тағы да жүйрік атанды

0
789

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.


​Қазақ тұлпары Дубайда өткен жарыста тағы да жүйрік атанды

Фото: БҚО Бәйге федерациясы

ERNUR.KZ. Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде Тілек Мұхамбетқалиевтің Кабирхан есімді сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесті, деп жазады inbusiness.kz .

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Олардың қатарында былтырғы үздіктер Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен және Милитари Ло болған.

Осылайша, Кабирхан 1 млн доллар еншіледі.

Енді наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады. Онда 7 млн доллар сыйлықақы уәде етілген.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.