Қазақстан 2025 жылы запастағы 900-ден аса офицерді әскер қатарына шақырады

0
288

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.


Қазақстан 2025 жылы запастағы 900-ден аса офицерді әскер қатарына шақырады

фото:Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі тиісті қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес келесі жылы запастағы 915 офицерді қызметке шақыру көзделген, деп жазады ulysmedia.kz.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Шақырту әлі қызмет өткермеген және медициналық комиссияның нәтижелері бойынша жарамды деп танылған запастағы офицерлерді қамтиды. Олар екі жылдық қызметтен өтеді әрі әртүрлі күш құрылымдарына барады.

Әскерге шақырылушылардың жалпы санынан 700 адамды Қарулы күштер қатарына жіберуді жоспарлап отыр, бұл ең үлкен үлесті құрайды. Екінші орында 131 офицер баратын Ұлттық ұлан тұр. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметіне 80 адам, ал Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне 4 адам жіберіледі.

Қорғаныс министрлігі қаулысының жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылды. Әр азамат 16 қазанға дейін өз пікірі мен ескертуін жібере алады.

Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар санын көбейтуге ниетті екенін хабарланған болатын.

Сондай-ақ, 2024 жылдың күзінде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылатыны белгілі.

Алайда желіде әскери қызметке қарсы жақында петиция пайда болған. Оның авторы әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін ұлғайтуды талап етеді. Петиция мәтінінде 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер бірқатар себептерге байланысты әскери қызметке дайын емес екені айтылған.