Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясын басып озды

0
1 369

Еліміз жеті ай ішінде қымбат металдың көлемін 30 тоннаға жуық ұлғайтқан.


Қазақстан алтын қоры бойынша Сауд Арабиясын басып озды

ERNUR.KZ. Жеті ай ішінде Қазақстандағы алтын қоры 8,6 пайызға өсті. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) мәліметтеріне сәйкес, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қордағы алтын көлемі 345,4 тоннаны құраса, 1 тамызда оның мөлшері 375,3 тоннаға жеткен, деп жазады altaynews.kz.

Осылайша, еліміз жеті ай ішінде қымбат металдың көлемін 30 тоннаға жуық ұлғайтып, резервтік кеңес елдерінің тізіміндегі 15-ші орнын сақтап қалды.

Ал көш басында АҚШ (8,13 мың тонна) пен Германия (3,37 мың тонна) тұр. Сол сияқты қаңтар мен тамыз айларының аралығында аталмыш металдың көлемі Ресейде – 6,8 пайызға (2,2 мың тонна), Үндістанда – 4,4 пайызға (618,2 тонна) және Қытайда – 4,3 пайызға (1,92 мың тонна) өскен. Есесіне, алтынының көлемі ең көп қысқарған ел Португалия болды. Жеті айда бұл мемлекеттегі қор мөлшері 982,5 тоннадан 382,2 тоннаға дейін (61 пайыз) кеміген.

Қалған тоғыз елдің қорлары айтарлықтай өзгерген жоқ, Италия – 2,45 мың тонна, Франция – 2,43 мың тонна, Швейцария – 1,04 мың тонна, Жапония – 765,2 тонна, Нидерланд Корольдігі – 612,5 тонна, Еуропалық орталық банк – 504,8 тонна, Тайбэй – 423,6 тонна, Өзбекстан – 351,5 тонна, Сауд Арабиясы – 323,1 тонна.

Осы ретте WGC тізіміне барлығы 17 ел мен ұйым кіретінін айтқан жөн.