Қорғаныс министрлігі бүгін де еңбек нарығында сұранысқа ие мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мамандықтарына мониторинг жүргізуде.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі бүгін осындай ақпарат таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Қорғаныс министрлігі бүгін де еңбек нарығында сұранысқа ие мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мамандықтарына мониторинг жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жұмысшы мамандықтары бойынша даярлау ұйымдастырылады. Жастар әскерде борышын өтеп жүрген кезде отандық нарықта тапшы қажетті білімді, дағдылар мен мамандықтарды тегін алады», - делінген хабарламада.
Сарбаздарға Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Байланыс департаменттерінің, Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің кіші мамандарын дайындайтын оқу-жаттығу орталықтарында кәсіби білім берілетіні хабарланған.
«Мерзімді әскери қызметшілер қос мақсаттағы әскери мамандықтарды меңгереді. Оның ішінде ауыр жүк машиналарының жүргізушілері, экскаваторшылар, тракторшылар, жол төсегіштер, дизелистер – электриктер, байланыс мамандары және тағы басқалар бар. Алған мамандығы жастарға әскерден кейінгі өмірде де кәдеге жарары анық. Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында қазірдің өзінде жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауға арналған оқу ротасы құрылды. Жыл сайын мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 160-қа жуық маман даярлау жоспарланып отыр. Сабақтар алдағы жылы басталады», - деп хабарлайды министрліктен.