Қазақстан ауылдарға интернет орнату үшін 83,6 млн доллар қарыз алмақ

0
190

Қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасын жылдам цифрландыру жобасын қаржыландыруға бағытталады.


Қазақстан ауылдарға интернет орнату үшін 83,6 млн доллар қарыз алмақ

ERNUR.KZ. Ауылдарға интернет орнату үшін Қазақстан 83,6 млн долларға қарыз алмақ, деп жазады baq.kz.

"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын Қаржы министрлігі әзірледі.

Келісім Қазақстанға Халықаралық қайта құру және даму банкінен 13 083 100 000 жапон иенін (шамамен 83,6 млн АҚШ доллары) көлемінде займ бөлуді қарастырады, оның қайтару мерзімі 12 жыл, соның ішінде 2028 жылғы 15 сәуірге дейінгі жеңілдік кезеңі бар, - делінген хабарламада.

Қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасын жылдам цифрландыру жобасын қаржыландыруға бағытталады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында 7 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылған.