Қазақстан балаларға егуге болатын Қытай вакцинасының 4 млн дозасын сатып алды

0
471

Sinopharm вакцинасы жақын күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын ҚР-да бесінші тіркелген вакцина болады.


Қазақстан балаларға егуге болатын Қытай вакцинасының 4 млн дозасын сатып алды

ERNUR.KZ. Қазақстан Қытайдың Sinopharm компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 млн дозасын сатып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Денсаулық министрлігі вакцинаға қатысты толық мәлімет берді. Оған сәйкес, бүгін, 10 тамызда Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы тиелген ұшақ Алматыға бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармацияның қоймаларына келді.

«Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы негізінде Бірыңғай дистрибьютор Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген Covid-19-ға қарсы Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасын сатып алуды жүзеге асырды. Sinopharm Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 млн дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы жақын күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын ҚР-да бесінші тіркелген вакцина болады», - делінген министрлік ақпаратында.

Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің рұқсат қағазына сәйкес жедел тәртіпте еліміз өңірлеріне жіберіледі.

«Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады. Қытайдың Sinopharm вакцинасын ДДСҰ 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай», - деп нақтылады министрліктен.

Ведомство мәліметінде, шілде айында Қытайдың Sinopharm компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы COVAX вакциналар банкіне енді.

«Вакциналар мен иммундаудың жаһандық альянсы (GAVI) қытайлық Sinopharm компаниясымен келісім жасайтындығын жариялады. Бұл ДДСҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакциналауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен бірге, Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының белсенді емес вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады», - деді ҚР ДСМ-нан.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Қазақстан БАӘ-де Нayat-Vax сауда атауымен шығарылған Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнімі институты препаратының миллион дозасын сатып алған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай маңызды жүкті елге тасымалдау және жеткізу бойынша қажетті рәсімдерді уақытылы жүргізуде жедел өзара іс-қимыл жасағаны үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің және «ЭйрАстана» АҚ авиакомпаниясының басшылығы мен ұжымына ризашылық пен алғыс білдірді.

Айта кетейік, вакцинаны тасымалдау «суық тізбек» қағидаты бойынша жүргізіледі - әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде - өзінің жауапты ұйымы бар.

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;

2. Бірыңғай дистрибьюторлардың хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;

3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;

4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.