Қазақстан БҰҰ кеңесінде Украинадағы жағдайға байланысты қарараға дауыс беруде қалыс қалды

0
459

Дауысқа салынған құжатты 33 мемлекет қолдаса, 12 ел дауыс беруден қалыс қалды.


Қазақстан БҰҰ кеңесінде Украинадағы жағдайға байланысты қарараға дауыс беруде қалыс қалды

ERNUR.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі кеңесі Украинадағы жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрды, деп жазады Stan.kz.

Қарар ұйымның кезекті отырысында мақұлданды. Жобаны Украина тарапы ұсынған болатын. Дауысқа салынған құжатты 33 мемлекет қолдаса, 12 ел дауыс беруден қалыс қалды. Олардың қатарында Армения, Өзбекстан, Қазақстан мен Үндістан бар. Ал Қытай мен Эритрея резолюцияның қабылдануына қарсы болды.

БҰҰ-ның бұл отырысына Ресей қатысудан бас тартты. Енді мамандар Украинаның Киев, Чернигов, Харьков пен Сумы облыстарында адам құқығының бұзылу фактісін келесі жылдың басына дейін жіті тергейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ) 2022 жылы Украинадан шамамен 8,3 миллион адам кетеді деп болжаған болатын.