Қазақстан әйелдерді жүктілікке дайындау үшін бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлді

0
114

​Оған әйелдер 12 түрлі зерттеуден тегін өтеді.


Қазақстан әйелдерді жүктілікке дайындау үшін бюджеттен 5,1 млрд теңге бөлді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет «Аналар саулығы» мақсатты бағдарламасы аясында жүктілікке дайындық жүргізу үшін 5,1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, бұл ақша әйелдерді тегін зерттеп, қажет болған жағдайда, тегін емдеу үшін бөлініп отыр.

«Әйелдер денсаулығына жақсы қарау үшін биылдан бастап алғашқы рет дайындық мәселесіне бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз әйел адам жүктілікке дайындалу үшін 12 тегін зерттеуден өтеді. Қажет болса, сауықтырудан өтеді», - деп мәлім етті министр.

Жалпы, министрліктің мәліметіне сүйенсек, емханаларда «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері қайта ашылды. Қауіп тобына жататын және шалғай өңірлерден келген жүкті әйелдерді алдын ала бақылауға алу үшін «Салауатты Ана» пансионаттары жұмысын бастады.