Бұл чипті қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесе жасап шықты.
ERNUR.KZ. Астанада заманауи технологияларда қолданылатын алғашқы отандық чип таныстырылды, деп жазады baq.kz.
Бұл чипті қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесе жасап шықты. Яғни, өнім – Қытай университеттерімен әріптестік шеңберінде қабылданған «Бір студент – бір чип» бағдарламасының жемісі.
Сондай-ақ «Кремний жолы: қазіргі Қазақстандағы цифрлық жобалау саласындағы даму және білім беру» атты форумда елдегі жартылай өткізгіштер өнеркәсібінің даму әлеуеті талқыланды.
Маман даярлау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Келешекте микросхемаларды цифрлық жобалау мен верификациялау саласы мамандарын оқытуға шетелдік маңдайалды компаниялардың қатысуын қамтамасыз ету керектігі де айтылды.
Біз чипті 6 айдай жасадық. Жобасын, дизайнын сыздық. Соның жартысы, 3 айы әзірлеуге кетті. Қалған 3 айы верификацияға кетті. Функционалды тестілеуге кетті, - дейді ғалым Нұрсұлтан Қабылқас.
Жоба авторлары чип Қазақстанның жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына енуіне жол ашып, жоғары технологиялық салаларды дамытуға тың мүмкіндіктер беретініне сенімді.