​Қазақстан инвестиция тарту үшін басымдық беретін 40 мемлекет анықталды

0
1 471

"30 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша инвестиция тартудың күрделі экожүйесін құру, әсіресе, дамыған елдердің инвесторларына назар аудару тапсырмасы берілген болатын.


​Қазақстан инвестиция тарту үшін басымдық беретін 40 мемлекет анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстан инвестиция тарту үшін басымдық беретін 40 мемлекет анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады ҚазАқпарат

"30 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша инвестиция тартудың күрделі экожүйесін құру, әсіресе, дамыған елдердің инвесторларына назар аудару тапсырмасы берілген болатын. ҚР СІМ Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау жұмыстарын жедел бастады. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесудің барлық жүйесіндегі жаңа формат құрылуда", - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігіне облыс әкімдіктерінен бастап еліміздің шетелдік мекемелеріне дейін Қазақстанға шетелдік инвестиция тартудағы барлық жұмыстарын синхрондау өкілеттігі берілген.

"Инвестициялар тарту тиімділігін арттыру мақсатында инвестиция тарту үшін 40 басым мемлекет анықталды. Қазақстанның шетелдік мекемелер қызметінің тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін министрлік өз тарапынан негізгі көрсеткіштерді әзірледі. Олардың ішінде статистикалық деректер, тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы айналымы мен сауда көлемі, жаңа инвесторларды тарту және қолданыстағы инвесторлармен жұмыс жасау, олардың көңіл-күйін бақылау, қайта инвестициялау бар", - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол әрбір Елшіліктің қабылдаушы елдегі нақты міндеттері мен жүмыс көрсеткіштері анықталған. Жауапты тұлғалар тағайындалып, жұмысқа жаңа тәсілдер әзірленгенін айтты.