Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді, деп жазады inform.kz.
Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
— Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында Қарулы Күштердегі тәртіп мәселелерін жеке бақылауына алатынын айтқан болатын.


