Тоқсанбаева мәреге 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып келіп, құрама қоржынына тоғызыншы алтын медальды салуы тиіс еді.
Фото: Арлан Олжабай
ERNUR.KZ. Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның 42,195 шақырымдық марафондық спорттық жүрістегі жеңісі қарсыластарының наразылығынан кейін жоққа шығарылды, деп жазады tengrisport.kz.
Қазақстандық спортшы ел қоржынына алтын салғысы келгенін айтып, шектен тыс эмоциясы үшін кешірім сұрады және өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді. Ол соңына дейін күрескенін жеткізіп, болған жағдайдың өзіне ауыр соққы болғанын атап өтті.
Тоқсанбаева мәреге 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып келіп, құрама қоржынына тоғызыншы алтын медальды салуы тиіс еді.



