Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әскери ынтымақтастыққа қатысты құжат әзірленді

0
521

Құжат екі ел арасындағы мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.


Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы әскери ынтымақтастыққа қатысты құжат әзірленді

ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл нормативтік құқықтық акт 2021 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.

«Келісім екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында екіжақты қатынастарды орнату және дамыту үшін құқықтық негіз құруға бағытталған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Аталған құжатты ратификациялау қорғаныс саясаты, әскери ғылым, білім және медицина, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және техникалық жәрдем көрсету, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және басқа да салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.