Халықаралық орталық екі елдің шекара сызығының екі жағында орналасады
фото: Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Халықаралық орталық екі елдің шекара сызығының екі жағында орналасады. Жалпы ауданы - 1 шаршы шақырым.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, орталықтың ішкі және сыртқы инфрақұрылымын дамытуға қыруар қаржы бөлінеді.
"Қазіргі кезде 5 жобаға 100 миллион доллар табылды. Қазақстан өз тарапынан 50 миллиард теңге салынады. Өзбекстан да одан аз ақша салмайды деп ойлаймыз. Олар жиһаз жинау және тағы басқа өнідістерді ашуға мүдделі", - деді Шаққалиев.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы “Орталық Азия” халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялауға арналған заңды бірауыздан қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.